«51-ге ұқсамайсыз, +25»: Абай Бегейге жұбайы жүрекжарды тілегін арнады
Танымал әнші Абай Бегей туған күнін атап өтті. Осыған орай жары, Фариза Жұманова, жұбайына арнаған ерекше жазбасын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Фаризаның құттықтауында өмірлік серігіне деген алғыс пен жылы лебіз айқын сезіледі:
«Жаратушы менің тағдырыма сіздей жарды жазғанына шүкір. Тақсыр, жаңа жасыңыз құтты берекелі болсын, сіз бақыттысыз. Алла сізге қандай керемет ұл-қыздар берді, тәтті немерелеріңіз бар. Алла осы бақытыңызды еселей берсін», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары да әншіге тілектерін жаудырып, жылы пікірлер қалдырды. Комментарийлер арасында:
«Құтты болсын, бақытты болыңыздар»
«51-ге ұқсамайсыз, +25»
«Тіл-көзден сақтасын» деген секілді түрлі жазбалар көзге түсті.
Айта кетейік, Абай Бегей – сахнада өзіндік қолтаңбасы бар әншілердің бірі. Жеке өміріне қатысты сирек мәлімдеме жасайтын өнер иесінің бұл жолғы мерекесі желі қолданушылары арасында ерекше ықылас туғызды.