Вокзалда әйел 17 адамды пышақтады: ауыр жараланғандар бар
Германияның Гамбург қаласындағы теміржол вокзалында әйел жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі madeniportal.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 39 жастағы әйел жолаушыларға тап берген кезде болған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, шабуыл салдарынан 17 адам жарақат алған. Оның алтауы ауыр хәлде, алтауы жеңіл жараланған. Кейбіріне алғашқы медициналық көмек тікелей пойыз вагондарында көрсетілген.
Полиция күдіктіні оқиға орнында ұстаған. Ол ешқандай қарсылық көрсетпеген. Құқық қорғау органдары әйелдің бұл әрекетті жалғыз өзі жасағанын мәлімдеді.
Оқиға орнында тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында вокзал уақытша жабылып, пойыз қозғалысы тоқтатылған.
Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі жағдайды бақылауға алғанын мәлімдеді. Оқиғаның себептері әзірге нақтыланбаған.