21 жастағы күйеу баласынан жүкті болған ене: Түркиядағы шулы оқиғада жаңа деректер белгілі болды
Фото: ru.haberler.com

21 жастағы күйеу баласынан жүкті болған ене: Түркиядағы шулы оқиғада жаңа деректер белгілі болды

Түркияда күйеу бала мен ененің арасындағы тыйым салынған қарым-қатынас қоғамда үлкен шу туғызды. Бұл туралы Anyqtime.kz тілшісі Alash.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

47 жастағы Гүлдана Шахин мен 21 жастағы күйеу баласы Жұма Доғанның арасындағы қарым-қатынас бүкіл Түркияны дүр сілкіндірді. Белгілі болғандай, Гүлдана Шахин күйеу баласынан жүкті болып қалған. Олардың бір-бірімен тым еркін әзілдесіп жатқан видеолары әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Бұл даулы оқиға түрік телеарнасындағы «Эсра Ерол» бағдарламасында кеңінен талқыланды. Бағдарламаға Дилек Шахин есімді жас келін қатысып, өзінің мүгедектігі бар екенін, ал күйеуі мен анасының бірге қашып кеткенін айтып шағымданды.

Дилектің айтуынша, Жұма Доған енесінің үйіне жиі барып жүрген. Уақыт өте келе екеуінің арасында жақын қарым-қатынас орнап, соңы жүкті болу фактісімен аяқталған. Бағдарлама барысында Гүлдана Шахиннің үш айлық жүкті екені де анықталды.

Келіншек күйеуін қатыгез деп сипаттап, одан қорқатынын айтқан. Ол анасымен бірге жатқан күйеуін көріп қойғанын, бұл жайтты әкесіне айтса, өзін өлтіреміз деп қорқытқандарын да жеткізді.

Бағдарлама барысында Жұма Доған мен Гүлдана Шахин студияда сабырлы түрде жауап беріп, бәрін мойындады. Эсра Эролдың сұрақтарына Жұма Доған:
«Біз үйлену үшін қаштық», – деп жауап берсе, «Гүлдана кім сіз үшін?» деген сұраққа:
«Ол сіздің енеңіз болар еді», – деді.

Журналистің «Сен келініңнің анасымен біргесің, осыған ұялмайсың ба?» деген сұрағына ол:
«Жоқ, әпке», – деп жауап қайырды. Бұл суыққанды жауап көрермендерді таң қалдырды.

Бағдарлама соңында елді елең еткізген қос кейіпкер – Жұма Доған мен Гүлдана Шахин тікелей эфирде қамауға алынды. Оларға «қасақана зиян келтіру және қорқыту» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.