Өрісте найзағай түсіп, әке мен бала қаза тапты
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

Өрісте найзағай түсіп, әке мен бала қаза тапты

1 маусым күні Ақмола облысының Зеренді ауданында мал бағып жүрген ер адам мен оның ұлына найзағай түсіп, екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиға 37 жастағы азамат пен оның 9 жастағы баласының өмірін қиды. Әке мен бала найзағайлы күнде далада мал бағып жүрген. Сол сәтте жай түскен, салдарынан екеуі де сол жерде мерт болған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған.

— Қайғылы оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұл — соңғы күндері өңірлерде тіркелген жалғыз қайғылы оқиға емес. Бұған дейін Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен дәрігердің мәйіті табылып, ол оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалған болатын.