«Іздеу тоқтаған жоқ»: туған анасын іздеген Жәнібек тың мәліметпен бөлісті
Ашық дереккөзі

«Іздеу тоқтаған жоқ»: туған анасын іздеген Жәнібек тың мәліметпен бөлісті

Биологиялық анасын табуға ұмтылған Жәнібек іздеу жұмыстары туралы жаңа ақпаратпен бөлісті. Бұл туралы Anyqtime.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Жәнібек Instagram парақшасында жазба жариялап, көптен бері байланысқа шықпағаны үшін оқырмандарынан кешірім сұрады. Оның айтуынша, қазақ тілінде немесе орысша жазу үшін үнемі достарынан аударма жағынан көмек сұрауға тура келеді, ал достарының да бос уақыты бола бермейтінін ескеріп, жиі мазалағысы келмеген.

«Сіздерді ойламаған күнім жоқ. Қазақстанға бару туралы да жиі ойланамын. Бірақ!.. Биологиялық анамды іздеуге байланысты да көп жаңалық бар. Іздеу жұмысы күн сайын жалғасып жатыр. Ол жұмыс тоқтаған жоқ және тоқтамайды да», – деп жазды Жәнібек.

Ол нақты қандай мәлімет пайда болғанын ашып айтпаса да, іздеу процесінің белсенді жүріп жатқанын аңғартты. Желі қолданушылары Жәнібекке сәттілік тілеп, қолдау сөздерін жарыса жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Қазақстаннан асырап алынып, шетелде өскенін, енді өзінің туған анасын табуға тырысып жүргенін мәлімдеген болатын. Оның бұл ізденісі әлеуметтік желіде кең қолдау тапқан.