Тоқаев Германияның жаңа үкімет басшысы Фридрих Мерцке жылы лебізін білдірді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Канцлері лауазымына сайлануымен құттықтады.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың нығая беретініне сенім білдірді. Президент Тоқаев Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту жолында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.
Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцке жаңа қызметінде толағай табыс, ал Германия халқына өркендеу мен игілік тіледі.