Нұрлан Еспанов ұлының тойын атап өтті: «Үлкен тойды өткіздік»
Фото: instagram.com/espanov_n

Нұрлан Еспанов ұлының тойын атап өтті: «Үлкен тойды өткіздік»

Белгілі әнші әрі композитор Нұрлан Еспанов ұлының үйлену тойынан кейін әлеуметтік желіде қуанышын бөлісті. Бұл туралы Anyqtime.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Танымал әншінің ұлы, блогер Олжас Еспанов шаңырақ көтеріп, Еспановтар әулетіне келін түсті. Бұл қуанышты сәттен фото және видеолар желіде тарады. Нұрлан Еспанов Instagram парақшасында үлкен тойды өткізгендерін айтып, барша құттықтаған жандарға алғыс білдірді.

«Алланың қалауымен үлкен тойды өткізіп алдық! Барша құттықтап жатқан жандарға рахмет! Осындай қуаныш баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазды әнші.