Алматыда 7-қабаттан құлап қайтыс болған Ақнәр Гүлстанға қатысты оқиғада жаңа дерек пайда болды. Әлеуметтік желіде пайда болған бейнеролик жұртты алаңдатып отыр. Онда марқұмның жатақханада ерсі қылықтар көрсетіп жатқан сәті түсіп қалған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Бейнежазбаны жариялаған адам өзін Рано есімді қыздың сіңілісі ретінде таныстырған. Аты-жөні нақты көрсетілмеген бұл тұлға видеоны «Жастар» жатақханасында түсірілген деп сипаттаған. Оның айтуынша, Ақнәр бұған дейін де күйзеліске немесе ұстамаға ұқсас жағдайларды басынан өткерген болуы мүмкін.
«Бұл бейнежазба – тек шындықты анықтау жолындағы бір дәлел. Кінә тағу немесе біреуді ақтап алу мақсатында жарияланып отырған жоқ. Бар үмітіміз – құзырлы органдар бұл жағдайды әділ әрі жан-жақты қарайды», – дейді Раноның туысы.
Еске салайық, Ақнәр Гүлстанның өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Оның жатақхананың терезесінен секіріп көз жұмғаны туралы ақпарат тараған соң, бұл іске қатысты түрлі пікірлер мен нұсқалар айтылып келеді. Желіде тараған жаңа видео тергеуге қосымша дерек болуы мүмкін.
Іс бойынша тергеу жалғасуда.
🔗 Ақнәр Гүлстанның өлімі, сот ісі жайлы барлық ақпараттар жиыны