«Жалғыз ғана анам бар»: Абзал Шынасыл сотта соңғы сөзін айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

«Жалғыз ғана анам бар»: Абзал Шынасыл сотта соңғы сөзін айтып, қазақ халқынан кешірім сұрады

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында басты айыпталушы Абзал Шынасыл соттағы соңғы сөзін сөйледі. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтып, алайда жазаға да, әділ үкімге де қарсы емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

«Мен жазадан қорықпаймын. Әділ шешім қабылдауыңызды сұраймын. Шерзатты мен өлтірмедім. Бірақ оны дәлелдей алмаймын. Дәлелім жоқ», – деді ол.

Абзал сөз арасында өзін әлеуметтік желіде қаралап жатқанын да тілге тиек етті. Айтуынша, оны қорғайтын танысы да, билікте туысы да жоқ.

«Ешқандай аға-көкем, әкем жоқ. Жалғыз ғана анам бар. Қазақ халқынан кешірім сұраймын», – деп аяқтады сөзін сотталушы.