«Марқұм күйеуін ойлап тұр»: Әлия Әнуарбектің сырға салу рәсіміне қатысты пікірлер көбейді
Фото: Бейнежазбадан скриншот

«Марқұм күйеуін ойлап тұр»: Әлия Әнуарбектің сырға салу рәсіміне қатысты пікірлер көбейді

Желіде танымал актриса Әлия Әнуарбектің сырға салу рәсімі түсірілген видео тарады. Бұл бейнежазбаны белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова өзінің парақшасына жүктеген. Видеода Әлияның ұлттық киіммен сырға салу салтанатына қатысып отырған сәті бейнеленген, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

«Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ», – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Желі қолданушылары бұл көріністі әртүрлі қабылдады. Бірі актрисаның екінші рет тұрмысқа шыққанына қуанып, тілектестігін білдірсе, енді бірі оның көңіл-күйінен мұң байқап, алғашқы жары жайлы ойға қалғанын жазуда.

«Бағы жансын, бірақ неге көңілсіз көрінеді?», «Жаным, жабырқап тұр ғой», «Марқұм күйеуін ойлап отыр», «Бұл қыз әлі бірінші күйеуін ұмытпаған сияқты», – деген пікірлер желіде жиі қайталанып жатыр.

Актрисаның өзі бұл видеоға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Алайда оның әлеуметтік желідегі парақшасынан «Бақыт құшағында» атты жаңа фильмге түсіп жатқанын байқауға болады. Осыған байланысты кейбір қолданушылар тараған видео нағыз сырға салу рәсімі емес, кинодан алынған сахна болуы мүмкін екенін де болжауда.