Абай облысында полиция аға лейтенанты Мәди Архамов қайтыс болды
Фото: Alash.kz

Абай облысында полиция аға лейтенанты Мәди Архамов қайтыс болды

Абай облысының ішкі істер саласына еңбегі сіңген жас маман, полиция аға лейтенанты Мәди Архамовтың қаза тапқаны туралы қаралы хабар тарады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Сұлтан Бисембинов мәлімдеді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап

Қызметтік борышын адал атқарып, кәсібіне бар жан-тәнімен берілген азаматтың мезгілсіз қазасы әріптестері мен жақындары үшін орны толмас ауыр қайғы болды.

«Мәдидің жанқиярлық қызметі, антына адалдығы мен кәсібилігі оны таныған әр адамның жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл – ішкі істер органдары үшін ауыр қаза. Туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз», – делінген генерал-майордың көңіл айту жазбасында.

Марқұмның артында қандай отбасы қалғаны немесе өлімінің мән-жайы әзірге хабарланбады. Ресми органдардан қосымша ақпарат күтілуде.