Президент Тоқаев Польша басшысын сайлануымен құттықтады

Президент Тоқаев Польша басшысын сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының жаңа Президенті Кароль Тадеуш Навроцкийге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Жеделхатта Президент Польша халқының сенім мандатына ие болған Навроцкийге жаңа қызметінде толағай табыстар тіледі.

– Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларыңыздың сәтті жүзеге асуына шынайы тілекшімін. Қазақстан мен Польша арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін Сізбен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенімді білдіремін, – делінген Тоқаевтың құттықтауында.

Мемлекет басшысы Кароль Навроцкийге жаңа қызметінде табыс, ал Польша халқына өсіп-өркендеу мен береке тіледі.