Құрбан айт намазының кестесі жарияланды
Биылғы Құрбан айт мейрамы 6 маусым күні басталады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) сол күні оқылатын Құрбан айт намазының уақытын бекітіп, арнайы кесте жариялады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
«6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының уақыттарын назарларыңызға ұсынамыз. Барша мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтаймыз. Айт қабыл болсын, ағайын!» – делінген ҚМДБ таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылман әлеміндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Бұл күндері айт намазы оқылып, жағдайы келген жандар құрбандық шалады. Намаз уақыты өңірлерге қарай әртүрлі белгіленеді. Тиісті кестемен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтынан немесе жергілікті мешіттерден танысуға болады.