Бақшаңыз қызанаққа толсын десеңіз, мынадай тыңайтқыш беріңіз
Қызанақ көшеттері жайқалып өскенімен, гүл шығармай жатса — алаңдайтын себеп бар. Бұл «жапырақ қуалау» деп аталатын құбылыс. Яғни өсімдік бар қуатын сабақ пен жапырақ өсіруге жұмсап, гүл байламайды, жеміс те бермейді. Мұндай жағдайда басты кінәлі — топырақтағы шамадан тыс азот.
Бағбан ескертуі
Тәжірибелі бағбан Виктория Радзевская мұндай қызанақтарды былай сипаттайды:
– сабағы қалың,
– жапырағы ірі, ұштары шиыршықталып тұрады,
– гүл мүлде байланбайды.
Егер осы белгілерді байқасаңыз, өсімдікке сиыр тезегі, шөп тұнбасы, аммиак селитрасы сияқты азотқа бай тыңайтқыштарды мүлде беруге болмайды!
Не істеу керек?
Қызанақтың "қызуын басып", гүл шығаруына жағдай жасау үшін фосфор мен калийге бай тыңайтқыш қажет. Калий өсімдіктің ішіндегі артық азотты тежеуге көмектеседі.
Қоспа рецепті:
🔹 10 литр суға — 1 ас қасық калимаг немесе кез келген фосфор-калий тыңайтқышын араластырыңыз.
🔹 Ерітіндіні өсімдіктің түбіне құйыңыз (шамамен 1 шаршы метрге жетеді).
Нәтижесі қандай болады?
Қызанақ гүлдей бастайды, біраз уақыттан соң өнім де көбейеді. Ең бастысы — бақшаңызға қызықпаған көрші қалмайды!