«Көргенде көңіл орнына түсті»: Төреғали Төреәлі сырқатынан кейін алғаш рет көпшілікке көрінді
Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі денсаулығына байланысты біраз уақыт сахнадан алыстап, концерттерін кейінге қалдырған еді. Желіде оның сырқатынан кейін алғаш рет бой көрсеткен видеосы жарияланды. Көпшілік әншіні көріп, қайта оралғанына қуанып жатыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап
Видео әншінің қарындасы Фариза Төреәлінің Instagram парақшасында жарияланған. Жақында Фариза мен жұбайы Астанадағы жаңа пәтерінде қыздарының тұсаукесерін атап өткен болатын. Бұған дейінгі отбасылық шарада ағасы Төреғали көрінбеген еді.
Алайда жаңа видеода әнші әпкесінің үйіне келіп, жақын туыстармен бірге қуанышқа ортақтасқан сәті бейнеленген.
Желі қолданушылары Төреғалидың амандығына шүкір айтып, оны көріп көңілдері орнына түскенін жарыса жазуда:
– «Төреғали кіргенде қатты қуандым»,
– «Аман жүрсін, ауырып қалмасын»,
– «Көргенде көңілім орнына түсті»,
– «О, Төреш, аман екеніңе шүкір»,
– «Кірген сәтте-ақ үй іші жылып кеткендей болды», – деп жазды жанкүйерлер.
Айта кетейік, әнші соңғы кездері денсаулығына байланысты ел алдында жиі көрінбей кеткен болатын. Желі қолданушылары бұл видеоны Төреғали Төреәлінің сауығып, қалыпты өмірге қайта оралуының белгісі ретінде қабылдады.