«Өкінбеймін, қайтадан осы өмірді таңдар едім»: Ақбота-Нұр жеке өмірі жайлы сыр шертті

4 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: instagram.com/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші Ақбота-Нұр "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өміріндегі қиындықтар мен өмірлік көзқарасы туралы ашық айтты. Өнер иесі өмірінде өткен өкінішке толы сәттерге қарамастан, ештеңеге өкінбейтінін жеткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

– Өмір деген – ақ пен қарадан тұрады. Кейде бәрі жақсы, жарқырап жүруің мүмкін, ал ертесіне бәрінен – денсаулықтан, байлықтан айырылып, жалғыз қалғандай күй кешуің ғажап емес. Бірақ соған қарамастан, егер Алла Тағала дәл осы өмірді қайтадан берсе, мен тағы да осы жолды таңдар едім, – деді әнші.

Ақбота-Нұр өмірде сүрініп-құлаған сәттерден қорықпау керек екенін де атап өтті:

– Бастысы – алға ұмтылу. Қиындықта тоқтап қалмай, алға қарай жүрсең ғана жетістікке жетесің. Сол кезде ғана сен нағыз бақытты, батыр әйелге айналасың, – деді ол.

Өнер иесінің шынайы сөзі көпшіліктің жүрегіне жетіп, жанын тебірентті. Желі қолданушылары әншінің өмірге деген берік көзқарасына қолдау білдіріп, батылдығын бағалауда.

Тэгтер:

сұхбат Ақбота-Нұр Өкінбеймін