Өмірқұл Айниязов қара жамылды: Әншінің әкесі дүние салды
https://www.youtube.com/@newstarskz6137

Өмірқұл Айниязов қара жамылды: Әншінің әкесі дүние салды

Белгілі қазақ әншісі Өмірқұл Айниязов ауыр қайғыға душар болды. Өнер иесінің әкесі – Айнияз Өтеген Әлиұлы өмірден өтті. Қайғылы хабарды Арал ауданының әкімдігі растады.

Аудан әкімдігі, мәслихат, Қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесі марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасатындарын мәлімдеді. Айнияз Өтеген Әлиұлы – Арал өңірінің сыйлы азаматтарының бірі болған.

Anyqtime.kz редакциясы да марқұмның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтады. Өнер иесіне және оның отбасына сабыр тілейміз.