«Әп, бәрекелді!»: Сәкен Майғазиевтің келіні мәһрге алтын сақина сұрады
Сәкен Майғазиевтің келіні Асанқызы Әдияның мәһрге не сұрағаны жұрт назарына ілікті. Желіде тараған видеода жас жұбайлар неке қию рәсімінде көпшіліктің көзінше молданың сұрағына жауап берген сәті бейнеленген, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Молданың «Мәһрге не сұрайсың?» деген сұрағына Әдия еш кідірместен: «Алтын сақина», – деп жауап берді. Бұл қарапайым әрі нәзірге лайықты тілекті естіген жиналған жұрт «Әп, бәрекелді!» деп ризашылық білдірді.
Желі қолданушылары да жас келіннің талғамына сүйсініп, түрлі жылы пікір жазып жатыр. «Тәрбиелі қыз екен», «Сәкеннің келіні болудың өзі мәһр ғой», «Маңғыстаудың қыздары алтын» деген сияқты пікірлер көптеп кездеседі.
Халықтың ықыласына бөленген бұл сәт жұбайлық өмірге алғашқы қадам басқан жас отбасы үшін де, өнер иесінің жанкүйерлері үшін де ерекше есте қалатын сәтке айналғаны анық.