Эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев ұлын үйлендіріп, ел аузында жүретін нағыз «құдағи салтанатын» жасап берді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі
Журналист Ербол Мәндібектің айтуынша, Сәкен жездеміз келіннің қалың малына аз да, көп те емес — тұп-тура 5 миллион теңге берген.
"Бас табаққа қара 20 мыңдықтар, құйрық бауырға қызыл 5 мыңдықтар атты. Келіннің жеңгелеріне көк долларлардан көрімдік. Апарған әрбір құданың қалтасын ақшамен нығыздап, сақадай сай еткені ұнады" - дейді ол.
Онымен қоса Ерболға тыныс бизнес тренер тойға "МузАрт" тобын қалай шақыру керектігін айты.
"Кедейлік деген жаман нәрсе ғой. Кеше бір бизнес тренермен сөйлестім.
- Ереке, күніне 100 мыңнан жинап отыр. Мүлдем жұмсама. Күн сайын тұп-тура 100 мыңнан жинап үйрен деді.
Былай қарап тұрсаң әдемі ақыл. Бірақ, күн сайын 100 мыңды қайдан алам? Бұл сұрақтың нақты жауабын айтпады.
- Өзің ретіне қарай нетерсің. Бірақ, күн сайын 100 мыңнан жинасаң түптің түбінде тойыңа "МузАрт" келіп ән айтады, оған гарантия беремін деді."
Оқи отырыңыз: "Міндетсінбеген жөн": Қоғам белсендісі Сәкен Майғазиевтің құдаларына берген қалың малына қатысты пікір білдірді