Астанадағы Жеңіс күніне арналған әскери парадқа дайындық кезінде кішкентай баланың сарбаздарға қол бұлғап сәлемдескен әсерлі сәті көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бала әскерилер мінген техникаға қолын бұлғап амандасып тұр. Бір мезетте сарбаздардың бірі оған жауап қайырып, сол сәт баланың жүзі қуаныштан бал-бұл жайнап кетеді.
Бұл бейнежазба қолданушылар арасында кеңінен тарап, көпшілікке жылы әсер қалдырды. Баланың анасы:
“Балам бүкіл дайындықты сарбаздарға қол бұлғап, сәлемдесумен өткізді. Бұл оның көптен күткен сәті”, – деп жазды.
Көпшілік бұл сәтті “нағыз патриоттық тәрбие” деп бағалап, баланың шынайы эмоциясына тәнті болуда.