Жамбылда 40 жолаушысы бар автобус отқа оранып, толық жанып кетті
Фото: www.freepik.com / Шартты сурет

Жамбылда 40 жолаушысы бар автобус отқа оранып, толық жанып кетті

Жамбыл облысында «Алматы – Ташкент» бағытындағы жолаушылар автобусы жол үстінде тұтас өртеніп кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Оқиға Жуалы ауданы тұсындағы тас жолдың 553-шақырымында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобус тұрақта тұрған сәтте от шығып, жалын бірден көлікке тараған.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, өртті толығымен сөндірген. Барлығы 40 жолаушы көліктен аман-есен эвакуацияланып, жолай өтіп бара жатқан көлікпен жөнелтілді.

ТЖМ өкілдері төтенше жағдайдың жолдың қарқынды бөлігінде болуына қарамастан, үйлесімді және жедел әрекет етіп, үлкен апаттың алдын алғанын атап өтті.