Жанар Айжанова Айжұлдыздың көзінше күйеубаласының шашын тап-тақыр етті
Фото: Коллаж Anyqtime.kz

Жанар Айжанова Айжұлдыздың көзінше күйеубаласының шашын тап-тақыр етті

Танымал әнші Жанар Айжанова күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып, көптен бергі арманының орындалғанын жеткізді. Бұл сәт желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, әншінің қызы Айжұлдыз Адайбекова жуырда екінші рет тұрмыс құрған. Жанар Айжанова көпшіліктің талқысына түскен ұзын әрі бұйра шашты күйеу баласы Сәкен Қағаровтың шашын ақыры алып тынды.

Айжұлдыз бұл сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол жазбада хейтерлерге арнайы үндеу тастады:

— Хейтерлер, сәлем! Армандар орындалады, – деп жазды ол.

Күйеу баласының сырт келбетін сынағандар бұл өзгерістен соң пікірімен бөлісіп жатыр. Бірі мәз болса, енді бірі күлкісін жия алмай отыр.

Желі қолданушылары жазған пікірлер:

– «Шашсыз да әп-әдемі екен ғой»
– «Рахаттанып қалдық»
– «Тақия кигізіп жіберсе енді қатып кетеді»
– «Әйтеуір алды-ау шашын»
– «Жанар апай, жарайсыз!»
– «Жанар апайдың арманы орындалды!»

Желіде қызу талқы тудырған бұл видео Жанар Айжанованың әзілді де, шындықты да астастыра білетін қайсар мінезін тағы бір мәрте көрсетті.