«30 тамыздан бастап кей адамдар жойылады» – танымал философтың болжамы жұртты шошытты
Психолог әрі философ Лев Клыков кезекті пікірлерімен көпшілікті әрі таңғалдырды, әрі алаңдатты. Ол 30 тамыздан бастап Жер бетіндегі кейбір адамдар «энергетикалық себептермен» жойыла бастайды деген даулы болжамын ортаға салды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.
Клыковтың айтуынша, бұл – 2027 жылға дейін жалғасатын ерекше энергетикалық ауысу кезеңі. Яғни, планетадағы жаңа деңгейдегі энергияға сәйкес келе алмаған адамдар тіршілік иелері қатарынан жоғала бастайды. Оның сөзінше, бұл – физикалық немесе мистикалық жойылу емес, әлдебір «ғарыштық заңдылықтармен» байланысты құбылыс.
“Жаңа энергияға бейімделгендер ғана өмір сүруін жалғастырады. Ал бейімделе алмағандар үшін екі ғана мүмкіндік бар: бірі – реинкарнация, яғни қайта туу, екіншісі – эвакуация, яғни құтқарылу”, – дейді Клыков.
Ол бұл құбылысты нақты ғылыми негізге сүйеніп айтпағанымен, өз аудиториясына оны «ғаламдық трансформация» ретінде ұсынады. Ал желідегі қолданушылардың пікірі екіге жарылған: бірі мұны ақылға қонымсыз деп тапса, енді бірі адамзат рухани жаңғыру сатысына келгенін айтады.