Трамп 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге толық тыйым салды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 12 мемлекеттің азаматтарына Америка Құрама Штаттарына кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Бұл шешім сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы күрес мүддесіне сәйкес қабылданған, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, енді Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен азаматтары АҚШ-қа келу мүмкіндігінен толық айырылды. Шектеу тек көші-қон емес, сонымен қатар туристік немесе іскерлік мақсаттағы бейиммиграциялық визаларға да қатысты.
Жарлықта бұл шектеулердің уақытша немесе тұрақты сипаты көрсетілмегенімен, олардың күшіне енгені нақтыланған.
Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі жеті елге — Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэлаға қатысты ішінара шектеу енгізді. Бұл елдердің азаматтары кейбір визалық категориялар бойынша ғана шекарадан өте алады.