Алматы қаласындағы танымал университеттер солтүстікке көшіріле ме?
Солтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған ұсыныстардың бірі — Алматыдағы кейбір танымал университеттерді солтүстікке көшіру. Бұл ұсынысты тарихшы-шежіреші Көкбөрі Қизатұлы көтерді. Оның айтуынша, жастарды жаңа өңірлерге қызықтыру үшін жоғары оқу орындарын солтүстік аймақтарға орналастыру — стратегиялық шешімдердің бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
«Студенттердің жаңа жермен танысып, махаббат орнатып, кейін сол жерде отбасын құрып, тұрақтап қалуы ел игілігіне жұмыс істеудің бір жолы», – дейді сарапшы.
Ол бұл идеяны қазіргі «Серпін» бағдарламасының түлектері туған жеріне қайта оралып кететін жағдайлармен байланыстырып отыр. Сондықтан, тек оқуға ғана емес, тұрақтап қалуға, жергілікті ортаға бейімделуге жол ашу маңызды.
Ал бұл ұсыныс қаншалықты жүзеге асады, нақты шешімдер әлі қабылданған жоқ. Дегенмен, халық арасында талқыланып жатқан бұл бастама ел ішіндегі ішкі көші-қон саясатына жаңаша серпін беруі мүмкін.
👉 Солтүстікке көші-қонды оңтайландыру жөніндегі басқа да 17 ұсынысты мына сілтеме арқылы оқи аласыз: inbusiness.kz сайтындағы толық материал