Вера Брежнева қазақстандық тыңдармандарына қазақ тілінде алғыс айтты

7 мамыр, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: instagram / @ververa

Украиналық танымал әнші Вера Брежнева Астана мен Алматыда өткен концерттерінен кейін қазақстандық тыңдармандарына жүрекжарды алғысын жеткізді, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Әнші өзінің Instagram парақшасында екі қалада өткен концерттерінен бейнематериал бөлісіп, үш тілде алғыс жазды:
«Рахмет, дякую, спасибо. Алматы, Ташкент, Астана», – деп жазды ол.

Брежневаға қатысты пікір қалдырған тыңдармандар концерттердің жоғары деңгейде өткенін жарыса жазуда:

«Концерт өте керемет өтті! Эмоция мен қуаныш үшін рақмет. Біз сізді тағы да күтеміз», – десе, енді бірі: «Қуатты әйел энергиясын сыйлағаныңыз үшін алғыс», – деп жазған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда өткен концерт барысында бір тыңдарман Вера Брежневаны дәл сахнада сүйіп алғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Тэгтер:

Вера Брежнева