Сәкен Майғазиевтің келіні отбасына кіріп, енесі ел алдында ақ батасын берді
Қазақстандық танымал әнші Сәкен Майғазиев жақында ұлын үйлендіріп, ел назарын аударған той қарсаңында жаңа келінін жұртшылыққа таныстырды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
⠀
Әншінің жары келінінің сәлем салған сәтінен бейнежазба жариялап, өзінің риясыз қуанышын жасырмай, жүрекжарды лебізін білдірді.
– Ақ келініміз Әдия босағамыздан аттады. Сәлемін салып, жүзін ағайын-туысқа танытты. Осы сәттен бастап ол біздің келініміз емес, қызымыз. Қадамың құтты болсын, қызым! Ақ босағаң берекелі, ошағыңның оты өшпесін, – деп жазды әншінің жары.