«Қоқыс пакетке оралған»: Саябақтан әйел мен баланың денесі табылды
Фото: www.shutterstock.com

«Қоқыс пакетке оралған»: Саябақтан әйел мен баланың денесі табылды

Италия астанасында орналасқан саябақтан анасы мен баласының мәйіті табылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Madenipotal.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына бірінші болып келген екі әйел волейбол ойнап жүріп, алдымен нәрестенің денесін байқап қалған. Әуелде олар оны қуыршақ деп ойлаған. Кейін сәбидің денесінде жарақат іздері бары анықталды.

Ізінше полиция жолдың қарсы бетіндегі бұталардың арасынан тағы бір денені — қап-қара қоқыс пакетке оралған ересек әйелдің мәйітін тапты. Ол киімде болғанымен, жеке құжаттары табылмаған.

Марқұмдардың кім екені дененің шіріп кетуіне байланысты әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, бұл – анасы мен қызы. Алайда нақты сәйкестік ДНҚ сараптамасынан кейін анықталмақ.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары бұл жағдайды қасақана адам өлтіру фактісі ретінде қарап отыр.