«Инемен түйрелген»: Айжұлдыз өзіне жасалған сиқыр жайлы айтты
Танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова көпшілікпен өміріндегі ерекше сәттердің бірімен бөлісті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Ozgeris.info сайтына сілтеме бере отырып.
Ол желідегі парақшасында өзіне бірнеше мәрте сиқыр жасалғанын айтып, бұл жағдайдың иманын арттыруға себеп болғанын жеткізген. «Өз басымнан өтті, талай рет ине мен ойыншықтарды таптым. Кімнен екенін беске білемін. Бұл жақсы емес әрекеттер менің иманымды одан әрі өсірді. Дұғасыз үйден шықпаймын, сырттан сыйлық алмаймын, дәретсіз, садақасыз жүрмеймін. Әр минустан плюс жасаймын. Бұл мен туралы», – деп жазды Айжұлдыз.
Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына түрлі пікір қалдырды. Бірі – «Кім болса да ондай адамнан кеткенің қандай жақсы болған» десе, енді бірі – «Көзіме еріксіз жас келді», «Алла ұлық, денем тітіркеніп кетті», «Сиқыр жасағандардың Құдай жазасын берсін», – деп шынайы реакция білдірген.