Мектептегі атыстан тоғыз адам қаза тапты
Австрияның Грац қаласында мектепте болған атыстан кемінде тоғыз адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Қайғылы жағдай 10 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 10:00 шамасында Dreierschützengasse орта мектебінде тіркелген. Бұл оқу орны Грацтың оңтүстік-шығыс бөлігінде, қала орталығына және теміржол вокзалына жақын орналасқан.
APA агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың қатарында бірнеше оқушы, бір ересек адам және атыс ұйымдастырды деген күдікті бар. Дегенмен, полиция әзірге нақты құрбандар саны мен атыс себептерін ресми түрде жариялаған жоқ.
Оқиға орны қоршауға алынып, мектеп қауіпсіздендірілген. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Грац — Австриядағы Вена қаласынан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, елдің екінші ірі қаласы саналады.