"АУЫЛ ТІРШІЛІГІНІҢ ТАМЫРЫ – ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР"
Фото: "Ауыл" партиясы

"АУЫЛ ТІРШІЛІГІНІҢ ТАМЫРЫ – ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР"

Абай облысы, Ақсуат өңірінде «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Қайрат Қанатұлы Смағұлов  жұмыс сапарымен болып, суармалы егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қолөнер шеберханаларының  тыныс- тіршілігімен танысып қайтты. 

Сапар барысында,  өңірдегі жоңышқа өсіру ісі, оның агротехникалық мүмкіндіктері мен ауыл экономикасындағы орны жан-жақты талқыланды. Шаруалармен болған кездесуде  Қайрат Смағұлов  суармалы егіншіліктің  тиімділігі мен еңбек өнімділігін арттырудағы бірқатар  негізгі  рөлін атап өтіп, «Ауыл» партиясының аграрлық салаға бағытталған нақты қолдау тетіктерімен бірсыпыра таныстырып  өтті. Айтуынша, партияның негізгі ұстанымдарының бірі – ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсарту, ауыл шаруашылығын жүйелі түрде дамыту.

Сондай-ақ, партия төрағасы қолөнер шеберлерінің  жұмысын жоғары бағалап, ұлттық болмысты жаңғырту жолында атқарылып жатқан  істерге  оң көзқарасын білдірді. Тұрмыстық бұйымдардан бастап киіз, тері, ағаштан жасалған көркемөнер туындылары – ауыл өмірінің шынайы болмысын көрсететін мәдени құндылық екені де айтылды.

 «Ауылдың қолөнері – ұлттың рухани тірегі, ал суармалы егіншілік, мал шаруашылығы – ауылдың экономикалық тың белесті қарқыны. Біз  осы екі саланы қатар дамытқанда ғана шын мәніндегі қуатты өркендеген  ауылға қол жеткізе аламыз», – деді Қайрат Смағұлов.

Ақсуат ауданының  Құмкөл ауылына  сапар – «Ауыл» партиясының нақты бағдарлама мен ел мүддесіне негізделген жүйелі жұмысының алтын арқауы.