Сәкен Майғазиев ұлының тойына кімдерді кіргізбейтінін айтты
Фото: Видеодан скриншот

Сәкен Майғазиев ұлының тойына кімдерді кіргізбейтінін айтты

Сәкен Майғазиев ұлының тойында мобилографтардың жұмыс істеуіне шектеу қойылатынын мәлімдеді. Әншінің айтуынша, бұл — той ұйымдастырушыларының талабы, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

— Той ұйымдастырушыларының өтініші бойынша мобилографтардың ешқайсысы кірмейді деген шешімге келіп отырмыз. Әрине, әр әртістің көмекшілері, мобилографтары — маған да бауыр, інілерім, қарындастарым. Бірақ 800 адамдық тойда тәртіпті сақтау оңай емес. Оның ішінде 100-ге жуық әнші келсе, бәрі өз мобилографымен кірсе, жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін деп ескертіп жатыр. Сондықтан басқа мобилографтарға, көмекшілерге, директорларға Шарапат өзі жеке той жасап береді, – деді Сәкен Майғазиев.

Айта кетейік, әншінің бұл шешімі көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде түрлі пікірлерге түрткі болды.