Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлады – Назарбаев әулеті Алматыға жиналды

Бүгін, 09:10 / Теңіз Тамшыбаев
nur.kz

Еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, қоғам қайраткері Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлағаны туралы ақпарат тарады. Дереккөздердің хабарлауынша, осы себепті Назарбаев әулетінің барлық мүшелері Алматыға жиналуда, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Соңғы бірнеше күн ішінде елден тыс жүрген отбасы мүшелері – Дариға, Динара және Әлия Назарбаевалар, сондай-ақ олардың балалары мен жақын туыстары жеке ұшақтармен және арнайы рейстермен елге оралған. Қаладағы элиталық аудандарда күзет шаралары күшейтіліп, әулеттің резиденцияларында қозғалыс қыза түскені байқалуда.

Сара Алпысқызының денсаулығының әлсірегені бұған дейін де айтылып жүрген еді. Алайда бұл жолы жағдайдың күрделенуі туыстарын түгелдей туған елге қайтуға мәжбүр еткен.

Ресми тараптан әзірге бұл жағдайға қатысты нақты мәлімдеме жасалған жоқ. Дегенмен, қоғамда бұл жаңалық үлкен алаңдаушылық тудырып, қызу талқылануда.

Сара Назарбаева – еліміздегі балалар мен аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген қайырымдылық жобалардың бастамашысы. Ол саяси қызметке араласпай, қоғамдық істермен ғана айналысып келген тұлға ретінде халық арасында үлкен құрметке ие.

Тэгтер:

Сара Алпысқызы денсаулық Назарбаев