Жамиля Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Фото: olympic.kz

Жамиля Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

«Жамиля Бақбергенова әлемдік рейтингте көшбасшылықты сақтап қалды», – деп хабарлайды Anyqtime.kz.

 Қазақстан әйелдер құрамасының балуаны Жамиля Бақбергенова (UWW) ұйымы жариялаған жаңартылған рейтингте 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды сақтап қалды.

Айта кетейік, биыл Жамиля Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алған болатын. Бұл жеңісі оның рейтингтегі ұпайын 51 000-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

UWW таратқан мәліметке сәйкес, Бақбергенованың басты қарсыластары — жапондық Ами Иши (45 000 ұпай) мен моңғолиялық Болортунгалаг Зоригт (34 700 ұпай) сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Жамиля Бақбергенова — қазақстандық әйелдер күресінің беткеұстары. Оның тұрақты жеңістері мен жоғары көрсеткіштері ел спортын халықаралық аренада танытып келеді.