Мейірбике ұшақта адам өмірін сақтап қалды
nur.kz

Мейірбике ұшақта адам өмірін сақтап қалды

Ұшақта есінен танып, қан қысымы күрт төмендеген ер адамды мейірбике құтқарып қалды. Бұл оқиға Орал – Шарм-эль-Шейх бағытындағы рейсте болды, — деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Ұшақ ішінде 40 жастан асқан ер адам кенеттен есінен танып құлады. Бортсеріктер жолаушылардың арасынан дәрігер немесе мейіргер іздеп, көмек сұрады. Осы кезде қалалық №5 емхананың мейіргері Динара Сариева дереу әрекет етіп, шұғыл көмек көрсетті. Ол бір сағат бойы ауыр халдегі жолаушының жанында болып, ұшақ жерге қонғанға дейін медициналық көмек көрсетті. Бортсеріктермен бірлесіп, адам өмірін сақтап қалған Динара мейірбике 15 жылдан бері емханада қызмет атқарып келеді.

Динара Сариева, №5 емхананың мейірбикесі:

Шамамен жарты сағаттай науқас құсты. Біз бортсерік екеуміз қолымыздан келген барлық жағдайды жасадық. Аптечканың ішінде мен сұратқан ешбір дәрі болған жоқ. Ұшақта отырған адамдардан давление түскенге қандай дәрілер бар екенін сұрадық. Сол дәрілерді беріп, көмек қолын создық. 80/50 болды, бір 15-20 минуттан кейін науқастың қан қысымы 100/60-қа көтерілді.