Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді
Фото: Ақордадан

Қазақстанға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді

16-17 маусым күндері Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл сапар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен жүзеге аспақ, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сүйенсек, сапар аясында қос мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізеді. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, 17 маусымда Астана қаласында Орталық Азия елдері басшыларының қатысуымен екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтеді. Бұл жиын аймақтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды халықаралық алаң болмақ.