Сүйінші! Ерке Есмахан 40 жасында үшінші сәбиін дүниеге әкелді
Отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты әншінің жұбайы RaiM әлеуметтік желіде бөлісті. Ол ұлымен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялап, сәбиінің есімін де көпшілікке жария етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
— Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр, – деп жазды әнші нәрестенің кішкентай қолын сүйіп отырған суретінің сипаттамасында.
Желі қолданушылары мен отандық өнер өкілдері ерлі-зайыпты жұпты жарыса құттықтап, ақ тілектерін жаудырып жатыр. «Батырларың ел сүйетін, елі қадірлейтін азамат болсын», «Бауы берік болсын», «Иманды, салиқалы ұл болып өссін» деген тілектер жазылған.
Айта кетейік, бұл Ерке Есмаханның үшінші баласы. Бұған дейін ол ұлы мен қызын тәрбиелеп отырғанын айтқан еді.