Тоқаев Ресей Президентін мемлекеттік мерекемен құттықтады

12 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады. Ол өз хатында көрші елді Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен одақтастық қарым-қатынасты жоғары бағалады, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

– Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен тату көршілік байланыс жоғары деңгейде. Бұл қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келеді, – делінген жеделхат мәтінінде.

Сондай-ақ Президент Тоқаев Владимир Путинге елінің игілігі жолындағы маңызды мемлекеттік қызметіне сәттілік тіледі.

Тэгтер:

Тоқаев Ресей Президенті Путин мемлекеттік мерекеме