«Әкесі - дүлдүл, анасы - бұлбұл, кіндік шешесі - ақын»: Еркенің ұлына Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды
Фото: instagram.com/aidyn_nury?

«Әкесі - дүлдүл, анасы - бұлбұл, кіндік шешесі - ақын»: Еркенің ұлына Айнұр Тұрсынбаева кіндік шеше болды

Танымал әнші Ерке Есмахан үшінші рет ана атанып, ұл сүйді. Қуанышты жаңалықты жұбайы RaiM әлеуметтік желі арқылы бөлісті. Ол сәбиге Райымбек Батыр деген есім бергенін жария етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

— Қош келдің, ұлым! Райымбек Батыр! – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Белгілі болғандай, нәрестенің кіндік шешесі — ақын Айнұр Тұрсынбаева. Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл сәттің өзі үшін де ерекше екенін айтты.

— Кіндік балам мен Алматыға келген күні дүниеге келді. “Мені күтіп жатқан ғой” деп әзілдегенім рас... Әкесі — дүлдүл, анасы — бұлбұл, кіндік шешесі — ақын. Өзі — Батыр. Қазаққа жақын ұл туып жатыр... Әр шаңыраққа осындай Батыр тіледім, – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары өнерлі отбасын жарыса құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. “Бауы берік болсын”, “Ғұмырлы болсын”, “Үлкен азамат болсын” деген тілектер көптеп жазылған.