Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында Азамат Сатыбалды жаңа образымен елді таңғалдырды
Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы ел аузында “жыл тойы” атанып үлгерді. Аталған шарада 14 жүргізуші кезектесіп тізгін ұстаған. Солардың қатарында болған актер Азамат Сатыбалдының ерекше стилі көпшіліктің назарын бірден аудартты, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Актердің жаңа образына қатысты әлеуметтік желіде пікірлер қарша жауды. Бірі оны танымай қалғанын жазса, енді бірі таңданысын жасыра алмады.
– Мынау Азамат па өзі? Масқара, не боп кеткен?
– Орыс әншісі Шурадан аумай қалған екен.
– Мүлде жараспайды, әйелі қалай рұқсат берді екен?
– Осылай өзгеге еліктеуді қашан қоямыз? – деп жазды желі қолданушылары.
Азамат Сатыбалды әзірге бұл образ жайлы қандай да бір пікір білдірмеді. Алайда тойда оның ерекше стилі мен көзге түсетін киімі жұрт назарынан тыс қалмады.