Ресей Украинаға қаза болған әскери қызметкердің денесін қайтарды

12 маусым, 2025 / Ақбота Сабырхан
tumba.kz

«Ресей Украинаға 1212 қаза болған әскери қызметкердің денесін қайтарды, өзіне 27 сарбазын алды», — деп хабарлайды Anyqtime.kz. Бұл іс Стамбулда жасалған келісімдер аясында жүзеге асырылуда. Қаза болғандардың денелері Украинадағы Харьков, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстары мен Ресейдің Курск облысынан жеткізілді.

Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединскийдің айтуынша, жақын күндері ауыр жараланған тұтқындарды алмастыру шаралары басталады. 2 маусымда екі ел қайтыс болғандар мен тұтқындарды кезең-кезеңімен ауыстыруға келісімге келген.

7 маусымда Ресей 1212 денені жеткізгенімен, Украина байланысқа шықпағандықтан алмастыру сәтсіз болды. Ал 9 және 10 маусымда әскери тұтқындардың алғашқы топтары алмасып, гуманитарлық шаралар жалғасуда. Ресей 6000-нан астам украин сарбазының денесін тапсыруға дайын екенін мәлімдеді.

Тэгтер:

Украина Ресей Әскер