«Сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей»: Сәдуақасова Сәкен Майғазиевпен құда болғысы келетінін айтты

12 маусым, 2025 / Теңіз Тамшыбаев
Фото: видеодан скрин

Әнші Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында ерекше ұсыныс айтып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Ол тойға ұлы Әнуарды ертіп келіп, болашақта құда болуға ниет білдіргенін жасырмады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.

— Бүгінгі тойға Олжас екеуміз ғана емес, ұлым Әнуарды да арнайы ертіп келдік. Сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей... Жәй келмедік, үлкен "намекпен" келіп отырмыз. Бұйырса, бұл шаңырақта тағы да той болсын, – деді әнші әзіл-шыны аралас.

Алайда желі қолданушылары Мадинаның бұл әрекетін құп көрмеді. Көпшілік оның сөзін орынсыз деп бағалап, сынға алды.

— Әуелі ұлын қазақша үйретсін,
— Үлкендер отырған жерге баламен келгені қаншалықты дұрыс?
— Сәкендей қарапайым отбасына Мадинаның өркөкірек болмысындағы ұлы сай келер ме екен?!
— Сәкеннің қыздарына Әділеттей тәрбиелі, байсалды азамат бұйырсын, – деген пікірлер желіде жиі жазылды.

Осылайша, ниеті ізгі болғанымен, Сәдуақасованың құдалыққа жасаған ишарасы қызу талқылауға себеп болды.

Тэгтер:

той Сәкен Майғазиев Мадина Сәдуақасова