Сирек картина 23 миллион еуроға сатылмақ
«Каналеттоның сирек картинасы 23 миллион еуроға сатылуы мүмкін», — деп хабарлайды Anyqtime.kz.
XVIII ғасырдағы итальян суретшісі Каналеттоның «Венеция. Көкке көтерілу (Вознесение) күніндегі Бучинтороның қайтып оралуы» атты сирек туындысы Лондонда Christie’s аукционында сатылымға қойылады. Сарапшылар картинаның 23 миллион еуроға дейін бағалануы мүмкін екенін айтады. Бұл — суретші шығармашылығы үшін рекордтық баға болмақ.
Картинада Венециядағы көне дәстүр — «Теңізбен неке қию» салтанаты бейнеленген. Дож алтынмен апталған Бучинторо кемесіне мініп, Адриатика теңізіне жүзіп барып, суға сақина тастайды. Бұл — Венецияның теңізбен байланысын білдіретін символдық рәсім.
Туындыда Сан-Марко алаңы, Дождар сарайы, Санта-Мария-делла-Салюте шіркеуі сынды тарихи нысандар көркем бейнеленген. Полотно 300 жыл бойы жақсы күйде сақталған және бірқатар беделді коллекционерлердің иелігінде болған. Алғаш оны Ұлыбританияның тұңғыш премьер-министрі Роберт Уолпол сатып алған, бір кездері ол Даунинг-стрит, 10 мекенжайында ілініп тұрған.
Аукцион 1 шілде күні өтеді. Сарапшылар қызығушылықтың жоғары екенін, картинаның жаңа рекорд орнатуы мүмкін екенін айтады. Қазіргі рекорд — Каналеттоның «Гранд-канал көрінісі» туындысына тиесілі (18,6 млн фунт).