Жанболат пен Жазираның ұлы Әділет пен Әдияға қымбат сыйлық берді (Видео)
Халық арасында “Бай байға құяды” деген сөздің жаны бар. Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияға қымбат сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі.
Той барысында жастар атынан сөз алған Қазбек бұрын берілген уәделерін еске алып, Әділет пен Әдияға бал айына арналған ерекше сый жасайтынын мәлімдеді.
— Біз кім бұрын үйленсе, соған шетелге жолдама береміз деп өзара уәде бергенбіз. Сол уәдем бойынша, Әділет пен Әдия, сендерге бал айына Мальдив аралдарына жолдама сыйлаймын, – деді ол қуанышты сәтте.
Көпшілік алдында жарияланған бұл сыйлық көптің көңілінен шығып, тойға жиналғандар қошеметпен қабылдады.