Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Тоқтар Серіков жұбайы, актриса әрі әнші Бейбіт Сейдуәлиеваның туған күніне орай ерекше құттықтау жариялады. Ол өз сезімін Instagram парақшасында өлең жолдары арқылы жеткізді.
Әншінің жазбасынан оның өмірлік серігіне деген терең құрметі мен сүйіспеншілігі аңғарылады:
«Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,
Бір мен үшін жандың, талай түледің.
Мен қуансам, сен балаша мәз болдың,
Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.
Сенің туған күніңе арнап жарқыным,
Бар әлемнің жылулығын тіледім.
Өмір дейтін мына жарық мекенде,
Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім», – деп жазды өнер иесі.
Ол сонымен бірге отбасылық суреттерімен де бөлісіп, желі қолданушыларының жылы лебізіне бөленді.
Желіде өнерсүйер қауым мен әріптестері Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, екеуінің жарасымды отбасына ақ тілектерін жаудырып жатыр.
«Қос аққудай өнер айдынында қатар жүзіңіздер!»,
«Ғұмырлы, баянды ғұмыр тілейміз!»,
«Керемет жұп, туған күніңіз құтты болсын!» – деп жазуда оқырмандар.