Тірі қалғандар бар ма? Үндістанда жолаушылар ұшағы тікелей тұрғын үйге құлады
«Үндістанда алапат әуе апаты: 242 жолаушы отырған ұшақ тұрғын үй аумағына құлады», — деп хабарлайды Anyqtime.kz.
Ахмедабад әуежайынан ұшып шыққан Air India компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы бірнеше минуттан кейін тұрғын үй массивіне құлап, ірі апатқа себеп болды. Куәгерлердің айтуынша, аспаннан құлаған лайнер жерге соғылғанда қатты жарылыс болған.
Бортта кемінде 242 жолаушы болған. Қазір олардың тағдыры беймәлім. Құтқарушылар үйінділердің арасынан аман қалғандарды іздестіруде. Дәрігерлер жараланғандарға көмек көрсетіп жатыр. Оқиға орнында жүздеген төтенше жағдай қызметкері жұмыс істеп жатыр.
Алдын ала деректерге сенсек, ұшақ биіктікке көтеріле алмай, әуежай маңындағы тұрғын үйлерге соғылған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Болжам бойынша, техникалық ақау немесе қолайсыз ауа райы апатқа әкелуі мүмкін. Үндістан билігі тез арада тергеу басталғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ресейдің Росавиация агенттігі Якутияда Ан-2 ұшағының жоғалып кеткенін хабарлады. Ұшақта бес адам болған. Құтқару қызметтері әуе кемесін іздеуге тікұшақ жіберген.