Қазақстан пойыздарындағы ең ыңғайлы төменгі орын кімге тиесілі?
АО «Пассажирлік тасымалдау» компаниясы пойызға отырғанда орын мәселесі жиі туындап жатқаны туралы түсінік берді. Көбінесе жолаушылар билетте көрсетілген төменгі сөреге отырған кезде, ол орынның басқа адамға тиесілі екенін біліп, орын ауыстыруға мәжбүр болады. Бұл жағдай көбіне ыңғайлы деген себеппен орындарын алмастыру туралы өтінішпен аяқталады
Компания еске салғандай, Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңы мен тасымалдау ережелеріне сәйкес, әр жолаушы билетінде көрсетілген нақты орынды ғана иеленуге құқылы. Басқаның орнын өз еркімен иелену заңға қайшы және тіпті жақсылық ниетпен жасалса да рұқсат етілмейді.
«Төленген орынды жолаушының келісімінсіз басқа адамның пайдалануына жол берілмейді. Орын ауыстыру — тек жолаушының өз еркімен қабылданатын шешім», — делінген ресми хабарламада.
Сондықтан орын ауыстырудан бас тарту заңға қайшы емес және ешкім сізді орынды босатуға мәжбүрлей алмайды, тіпті ол орын ыңғайлы болса да. Компания әр жолаушының құқығын құрметтеуге және сапарды алдын ала жоспарлауға шақырады.
Айта кететін жәйт, төменгі сөрелер әсіресе қарт адамдар мен балаларымен саяхаттайтын отбасылар арасында жоғары сұранысқа ие. Сондықтан өзіңізге ыңғайлы орынды қамтамасыз ету үшін билетті мүмкіндігінше ертерек сатып алған дұрыс.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы–Астана бағытындағы пойыздағы вагон-ресторан қызметі сынға ұшыраған еді.