Елена Рыбакина Лондонда қарсыласын тізе бүктірді
Лондондағы WTA 500 сериясындағы турнирдің екінші кезеңінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина алаң иесі Хитер Уотсонды екі сетте (6:4, 6:2) ойсырата жеңді, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.
Рыбакина соңғы геймде доп берген кезде қарсыласының бес брейк-пойнты болғанына қарамастан, отандасымыз матчты сәтті аяқтады. Айта кетейік, турнирдің алғашқы айналымында Уотсон тағы бір қазақстандық теннисші — Юлия Путинцеваны (6:4, 6:3) күтпеген жерден жарыстан шығарған еді. Путинцева бұл турнирде Рыбакинамен бірге жұптық сында өнер көрсетуде.
Елена Рыбакинаның келесі қарсыласы Татьяна Мари
Ширек финалға шыққан Елена Рыбакина енді Германия атынан өнер көрсететін Татьяна Мариямен (WTA рейтингінде 86-орында) кортқа шығады. Айта кету керек, Татьяна алдыңғы кезеңде әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған чехиялық Каролина Мухованы үш сетке созылған тартысты кездесуде жеңіп, турнирдің басты тосын оқиғаларының біріне себеп болды.