Үндістандағы жантүршігерлік ұшақ апатынан бір адам аман қалды – қаза тапқандар жүздеп саналады
Лондонға бағыт алған Air India әуе компаниясының Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы тұрғын ауданға құлап, ауыр апатқа ұшырады. Бортта болған 242 адамның бәрі көз жұмды деп хабарланғанымен, бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.
Ұшақта болған Ұлыбритания азаматы – 40 жастағы Рамеш Вишвакумар полиция қызметкерлері құтқарған жалғыз адам ретінде тіркеліп отыр. Ахмедабад полициясы оның апат орнынан тірі шығарылғанын растады. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
«Ұшақ көкке көтерілгеннен кейін 30 секунд ішінде қатты дыбыс шықты. Сол сәтте бәрі бір сәтте өзгерді – ұшақ құлады. Барлығы көз алдымда тез болып кетті», – деп еске алады аман қалған Рамеш Вишвакумар.
Қаза тапқандар саны нақты емес
Ұшақ тұрғын ауданға құлағандықтан, жердегі адамдар арасында да зардап шеккендер болуы мүмкін. Қайтыс болғандар саны әлі нақты анықталған жоқ, алайда билік санның көп болу қаупі барын жоққа шығармайды.
Қазіргі ахуал
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі апат орнында. Тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ұшақ Air India компаниясына тиесілі болған және Лондонға бағыт алған рейс ретінде әуеге көтерілген. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз