Ішімдіктен арылудың құпия жолы: 1935 жылдан басталған шынайы тарих
Бүгінде ішімдікке тәуелділік – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның күрделі мәселесіне айналған. Бірақ көпшілік біле бермейтін бір ұйым бар. Ол – ішімдікті тастағысы келетіндерге нақты көмектесетін, бірегей құрылым. Бұл – Alcoholics Anonymous немесе Жасырын маскүнемдер қоғамы.
Бәрі 1935 жылы басталды...
1935 жылы АҚШ-тың Огайо штатындағы Акрон қаласында екі адам – Билл Уилсон және доктор Боб Смит – өздерінің ішімдікке тәуелділігін жеңу жолында бірігіп, өзгелерге де көмектесуді ұйғарады. Осылайша, Alcoholics Anonymous (AA) ұйымы дүниеге келеді. Бастапқыда тек екі адамнан тұратын бұл топ бүгінде миллиондаған адамның үмітіне айналған жаһандық қозғалысқа айналды.
Бұл ұйым неге "жасырын"?
AA-ның басты қағидасы – құпиялық пен еріктілік. Қатысушылар өз есімдерін жарияламайды, ешкімді айыптамайды. Жиналыстарда әр адам өзінің ішкі күйзелісін, өткен өмірін, ішімдікпен күресін еркін айтып, ортақ қолдауға ие болады.
Он екі қадам – сауығудың негізі
Alcoholics Anonymous бағдарламасы "Он екі қадамнан" тұрады. Бұл қадамдар адамды рухани тұрғыда тазаруға, өз қателіктерін мойындауға, кешірім сұрауға және жаңаша өмір сүруге бейімдейді.
Мысалы:
Тәуелділігімізді мойындау;
Көмекке мұқтаж екенімізді түсіну;
Өткен өмірімізді қайта қарап, кешірім сұрау;
Басқаларға көмектесу арқылы өзіміздің де сауығуымызды жалғастыру...
Қазіргі әлемдегі AA
Бүгінде Alcoholics Anonymous ұйымының бөлімдері 180-нен астам елде жұмыс істейді. Әлем бойынша миллиондаған адам осы қоғамның көмегімен ішімдікке тәуелділіктен арылып, өмірін қайта бастаған.
Неліктен бұл ұйым ерекше?
Қолдаушы орта: Бірін-бірі түсінетін жандар ғана жиналады.
Тегін көмек: Барлық кездесулер – ерікті түрде, ақысыз негізде өтеді.
Рухани және психологиялық өзгеріс: Қатысушылар тек ішімдіктен ғана емес, ішкі дағдарыстан да арыла алады.
Ішімдікті тастау – тек ерік күшімен ғана емес, жүйелі қолдау мен орта арқылы мүмкін. Alcoholics Anonymous – бұл жай ғана ұйым емес, бұл өзгеруге шешім қабылдаған адамдардың қауымдастығы.